Қазақстан армиясына күзде шамамен 15 мыңдай әскер шақырылады - ҚР Қорғаныс министрлігі
Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан армиясына биылғы күзде шамамен 15 мыңдай әскер шақырылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Шақырылушыларды Қарулы Күштерге қабылдау бір ай көлемінде үш деңгейде өткізілетін болады. Биылғы күзде әскерге шақырылатын жастардың саны - 8000.
Қалған әлеуетті күштерге (Республикалық гвардия, ІІМ Ішкі әскеріне, ҰҚК Шекара қызметіне, ТЖМ бөлімшелеріне) азаматтарды мерзімді қызметке шақыру 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Оларға шамамен 7 мыңдай азаматты шақыру жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін