Жарияланды: 350

Қазақстан армиясына шынайы соғыс қимылдарына пара-пар келетін екіжақты оқу-жаттығулар қажет

Қазақстан армиясына шынайы соғыс қимылдарына пара-пар келетін екіжақты оқу-жаттығулар қажет. Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ведомствоның Гвардейский ауылындағы көшпелі алқа отырысында осылай деп мәлімдеді.

«Биыл армияның әскери қабілетін тексеру барысында жоспарланбаған ауданға барып, соғыс қимылдарына барынша жақындатылған жаттығулар пысықталған болатын. Осы тәжірибені биылғы жылы да қайталуымыз керек», - деп атап өтті министр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ә.Жақсыбеков әскери тапсырма берген кезде басшылар мен жеке құрамды әртүрлі жағдайларда (тау қойнауы, жағалау, қала, қолайсыз ауа-райы немесе түнгі уақыт) сауатты қиымлдай білуге үйрету қажет екенін атап өтті. Келер жылдың әскери сайыстары «Күшті Армия - Күшті Қазақстан!» деген атпен өткізілмек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін