«Биыл армияның әскери қабілетін тексеру барысында жоспарланбаған ауданға барып, соғыс қимылдарына барынша жақындатылған жаттығулар пысықталған болатын. Осы тәжірибені биылғы жылы да қайталуымыз керек», — деп атап өтті министр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ә.Жақсыбеков әскери тапсырма берген кезде басшылар мен жеке құрамды әртүрлі жағдайларда (тау қойнауы, жағалау, қала, қолайсыз ауа-райы немесе түнгі уақыт) сауатты қиымлдай білуге үйрету қажет екенін атап өтті. Келер жылдың әскери сайыстары «Күшті Армия — Күшті Қазақстан!» деген атпен өткізілмек.