"Қазақстан аруы - 2016" байқауына қатысуға келген бойжеткен ауруханаға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан аруы - 2016" байқауына қатысуға келген бойжеткен ауруханаға түсіп қалды

"Қазақстан аруы - 2016" байқауына қатысуға келген бойжеткен ауруханаға түсіп қалды

"Қазақстан аруы - 2016" байқауының 17 жастағы қатысушысы уланып, ауруханаға түсті. Ол Қарағандыдан Астанаға конкурстың ақтық сынына шығу үшін келген.

  • 3 Желтоқсан 2016
  • 1400
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Кеше Мария Пятина Instagram желісіндегі парақшасында аураханада жатқан суретін жариялаған. Оның достары мен таныстары оған тезірек сауығып кетуін тілеп жатты.

Мария Пятнинаның әкесі Қарағандыдан қызының ауруханада жатқанын, жағдайының жақсарғанын хабарлады. 

"Біз кеше ғана Астанадан Қарағандыға қайтып келдік. Мария уланып, ауруханаға түсті. Оның денсаулығы жақсарып келеді, Ол "Қазақстан аруы" конкурсында тәжге таласады", — деді Марияның әкесі.

"Қазақстан аруы — 2016" байқауының жеңімпазының есімі 10 желтоқсан күні Бейбітшілік пен Келісім сарайында белгілі болады. 30 қарашада финалға қатысушылар үшін халықтық дауыс беру басталып кетті. Дауыс беруден және конкурс финалына сатылатын билеттерден жиналған қаржы Астананың жағдайы нашар отбасыларына беріледі.


Қазылар алқасы финалға шығатын бес қызды ғана таңдайды, ал еліміздің ең сұлу қызын қазақстандықтар онлайн және SMS арқылы дауыс беріп өздері таңдайды. Жеңімпаз бес миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық алады және "Әлем аруы" халықаралық конкурсына Қазақстан атынан барады.