«Қазақстан аруы-2012» байқауына қатысты шу шықты
|
Сән әлеміндегі кезекті шу! Бұл жолы «Қазақстан аруы-2012» байқауына қатысты. Биылғы бәсекеде шымкенттік ару топ жарған болатын. Алайда ақылына көркі сай деп танылған қыздың жеңісіне күмән келтіргендер табылды.
Сұлулар байқауына еліміздің әр аймағынан 25 қыз қатысқан. Талап қатал. Арулардың қазылар алқасы мен көрермен алдында көркі ғана емес, ақыл-парасаты да сынға түсті бұл күні. Бірнеше сағатқа созылған байқау қорытындысы бойынша, ақыры 21 жасар шымкенттік Жазира Нұрмағамбетова топ жарған. Түсініспеушілік осы тұста басталды. Әлем ару байқауында басқа қыздарды көргісі келген кейбіреулер қазылар алқасының шешіме күмәнданып, шу көтерген. Тіпті әлеуметтік желіде экс-депутат Бақыт Сыздықова Жазираның жеңетіні алдын ала белгілі болды деп айды аспанға бір-ақ шығарды. Соңғы үлкен жанжалға ұласқан сұлулар додасының жеңімпазы кім қалай десе де, енді ел намысын әлемдік сында қорғайтын болады. Ал «Қазақстан аруы» атанған шымкенттік сұлу топ жаратынын алдын ала білмегенін айтып ағынан жарылды.
Жазира Нұрмағамбетова, «Қазақстан аруы-2012»:
- Жеңіске жетемін деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеді. Байқауға қатысушы үміткердің әрқайсысы да өзінше әдемі. Жалғыз мен емес, құрбыларымның барлығы да жеңіске лайық еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін