Қазақстан әскери мамандардың кәсіби деңгейін көтеру саясатын одан әрі жалғастырады - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әскери мамандардың кәсіби деңгейін көтеру саясатын одан әрі жалғастырады - президент

Қазақстан әскери мамандардың кәсіби деңгейін көтеру саясатын одан әрі жалғастырады - президент

АСТАНА. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан әскери мамандардың кәсіби деңгейін көтеру саясатын одан әрі жалғастырады. Бұл туралы ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Желтоқсан 2006
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Біз әскерилердің кәсіби деңгейін көтеру саясатын одан әрі жалғастырамыз», — деді Н.Назарбаев.

«Әскерді келісім шарт негізінде толықтыруды, қазіргі заманға сай қару-жарақпен жабдықтауды әрі қарай дамытамыз. Сонымен бірге, өз тағдырын армиямен байланыстырған азаматтардың әлеуметтік жағдайын да жасаймыз»,- деді ол.

«Тәуелсіздік алған күннен бастап біздің ең басты міндетіміз мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады», — деп атап өтті президент.

«Осы уақытта еліміздің біріккен қарулы күштер жүйесін құрайтын саны бойынша ықшамдалған, қазіргі заманға сай жақсы жабдықталған, соғысқа жарамды құрлықтағы әскерлер, әуе қорғаныс күштері, әскери теңіз күштері құрылған. Сондай-ақ, ішкі әскерлер, шекара қызметі де жасақталған»,- деді Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта