Жарияланды: 480

Қазақстан Астанада EXPO-2017 көрмесін сәтті өткізу үшін талаптарды орындауға дайын

Қазақстан «Астана EXPO-2017»көрмесін сәтті өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасайтынына кепілдік береді, деп мәлім етті ҚР-дың Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов.

«Қазақстан халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ-ҚазТАГ) қойған барлық талаптарды орындап, «Астана EXPO-2017» көрмесін сәтті өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасайтынына кепілдік береді», - деп мәлім еткен ҚР-дың Франциядағы елшісі Н. Дәненовтың сөздері премьер-министрдің ресми сайтындағы ақпаратта келтіріліп отыр. Оған сәйкес, Астананы EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындау мәселелері жөніндегі ұйымдастыру комитетін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев басқарады. Жауапты мемлекеттік орган – ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі. Бұрын хабарланғандай, Парижде 2017 жылы Астанада ЕХРО мамандандырылған халықаралық көрмесін өткізуге өтініш берген Қазақстанның алғашқы ресми таныстырылымы өтті. ЕХРОкөрмесін Астанада өткізу бастамасын президент Нұрсұлтан Назарбаевкөтерген. Астанадағы ЕХРО-2017Орталық Азия аймағының елдерінде өткізілген алғашқы халықаралық көрме болады. Ұсынылып отырған тақырыбы «Болашақтың энергиясы». ХКБ EXPO-2017 өткізетін елді таңдау бойынша шешімі 2012 жылдың желтоқсанында бюроға мүше 157 елдің дауыс беруімен шығарылады. Қазақстан ЕХРО көрмесіне 2004 жылдан бері қатысып келеді. Соның ішінде, ЕХРО-2004 (Ганновер, Германия), ЕХРО-2005 (Аичи, Жапония), ЕХРО-2008, (Сарагоса, Испания), EXPO-2010 (Шанхай, Қытай). Сонымен бірге, Қазақстан ЕХРО-2012 (Ёсу, Южная Корея) және ЕХРО-2015 (Милан, Италия) көрмелеріне қатысады. Қазақстан ХКБ-ға 1997 жылдан бері мүше.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін