«Астық экспортын қарқындандыру үшін оны Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитті тасымалдау шығындарын арзандату көзделуде. Бұл мақсатқа биыл үкіметтің резервінен 5 млрд теңге және келесі жылға бюджеттен 10 млрд теңгеге дейін бөлу көзделуде», — деді А. Күрішбаев.
Оның айтуынша, қазір ҚР Көлік және коммуникация министрлігі тарифтерді арзандату тетіктерін қарастыруда.
«ҚР СІМ елшіліктер тарапынан Қазақстан астығы мен ұнын сатудың сыртқы нарықтарын іздестіру жұмыстарын қарқындандырады. Ал ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне Ресейдің теміржолы арқылы Украина, Өзбекстан және Түрікменстан аумағына астық тасымалдаудың тарифтерін арзандату мәселесін шешуге шара қолдану тапсырылды», — деді министр.
Сондай-ақ, А. Күрішбаевтың айтуынша, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенге бөлінетін субсидиялар деңгейін 2014 жылға дейін 106 млрд теңгеге ұлғайтуды жоспарлауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.