Бұл туралы бүгін елордада басталған 6-шы қазақстандық «KAZGRAIN-2012» астық форумында БҰҰ Азықтүлік және ауыл шаруашылығы ұйымының экономисі Гүлжаһан Құрбанова айтты.
«Таяу бес жылдың ішінде біздер Қазақстаннан экспорттың шынайы түрде артуын күтіп отырғанымыз жоқ. Бұл мемлекеттің бидай және басқа да астық тұқымдарын өсіру саласындағы әрі майлы және дәнді дақылдар тарабына қарай әртараптандыру бағытындағы саясатымен байланысты», деді ол.
Сонымен қатар Г.Құрбанова бидайды терең өңдеу үлесін арттыруға назар аудару қажеттігіне де ерекше тоқталып өтті.