Жарияланды: 460

Қазақстан әу бастан өзін Шығыс пен Батыстың арасындағы көпір ретінде көрсетіп келеді

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық кезеңдегі стратегиялық мақсаттары Ислам конференциясы ұйымына төрағалыққа бағытталды.

Қазақстан әу бастан өзін Шығыс пен Батыстың арасындағы көпір ретінде көрсетті. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «дөңгелек үстел» отырысында Р.Сүлейменов атындағы институттың жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Заур Жалилов айтты. «Ислам конференциясы Ұйымының халықаралық қатынастардағы ролі» деген тақырыпқа арналған отырысқа тарихшылар, саясаттанушылар, экономистер, халықаралық қатынастар жөніндегі мамандар қатысты. ЕҚЫҰ төрағалығындағы тәжірибе Ислам конференциясы ұйымының аясында да қолданылуда. Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына 1995 жылы мүше болды. Бұл ұйым әлемнің 57 елінің басын қосып отыр және көлемі мен әлеуеттік мүмкіндігі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі екінші орында. Сондай-ақ, ұйымның адами және экономикалық әлеуеті де зор. Қазақстан биыл Ислам конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне жетекшілік етіп отыр, бұл біздің елімізге артылған үлкен сенім. «Бұл лауазымға тағайындаған кезде, Қазақстанның барлық әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси көрсеткіштері ескерілді. 2003 жылы біздің еліміз ядролық қару-жарақты таратпау және осы салада мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құру бастамасын көтерген болатын. Бұл проблеманың мұсылман әлемі үшін өзекті екенін ескерсек, бұл өте маңызды ұсыныс. Оған қоса, біздің еліміз Ұйымды қайта құрылымдау жөніндегі бірқатар ұсыныстар да жасады», - деп атап көрсетті З.Жалилов өз сөзінде. Отырысқа қатысушылар сондай-ақ, халықаралық қатынастардың дамуы аясындағы Ислам конференциясы ұйымының жұмысына талдау жасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін