Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету бойынша жоспарын толық орындайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету бойынша жоспарын толық орындайды

Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету бойынша жоспарын толық орындайды

Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету бойынша алған ұлттық міндеттемелерін толық жүзеге асырады.

  • 23 Қаңтар 2023
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдерінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдердің Брюссельдегі кездесуі туралы

«2023 жылғы 19-20 қаңтарда Брюссель қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің және Еуропа одағының Ауғанстан бойынша арнайы өкілдерінің үшінші отырысы өтті. Оған қатысқандарөңірлік қауіпсіздік сын-қатерлеріне шолу жасау және ауған халқына үздіксіз көмек көрсету бойынша елдердің ынтымақтастығын талқылады», — деді А. Смадияров.

Осы орайда ол Ауғанстандағы тұрақты бейбітшілік пен орнықты дамуға жан-жақты қолдау көрсетуге қатысты уағдаластық болғанын айтты. Сонымен қатар, жиын барысында Ауғанстандағы әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын қорғау жағдайының нашарлауына байланысты мәселе көтерілген.

«Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев бастап барды. Отырыста сөйлеген сөзінде ол Қазақстанның ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету бойынша алған ұлттық міндеттемелерін толық жүзеге асыратынын хабарлады. Бұл тұрғыда қазақстандық аграрлық кәсіпорындардың БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен өзара іс-қимылы атап өтілді. Мәселен, осы іспеттес ынтымақтастық аясында 2022 жылдың бірінші жартысында Ауғанстанға 456 мың тонна қазақстандық ұн жеткізілген», — деді ресми өкіл.

«Отандық жоғары оқу орындарының Еуро одағы қаржыландыратын және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы іске асыратын Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасына белсенді қатысуын жалғастыратыны расталды. Іс-шара қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданды», — деді А. Смадияров.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Ауғанстанның студент қыздарын Қазақстанда оқыту мәселесі пысықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар