Қазақстан Ауғанстан экономикасына инвестиция салуға дайын - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ауғанстан экономикасына инвестиция салуға дайын - Тоқаев

Қазақстан Ауғанстан экономикасына инвестиция салуға дайын - Тоқаев

Қазақстан Ауғанстан экономикасына инвестиция салуға дайын. Бұл туралы бүгін, 15-маусымда Азия қоғамының Алматыдағы халықаралық бизнес-конференциясының ашылуында ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Маусым 2005
  • 608
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан үкіметі Ауғанстанға коммерциялық ұйымдарды жіберіп, осы елдің экономикасына инвестиция салуға дайын»,- деді ол.

«Экономикалық тұрғыдан біз аталмыш мемлекетті қалпына келтіруге өзіндік үлес қосуға дайынбыз және біздің ондай мүмкіндіктеріміз де бар»,- деп атап көрсеткен Қ.Тоқаев «Қазақстан осы жөніндегі ұсыныстардың тізімін Ауғанстан жағына хабарлады», деді . «Сөйтіп Қазақстан өзінің Ауғанстанда жұмыс істеуге дайын екенін білдірді»,- деді ҚР СІМ.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, «Ауғанстаннан заңсыз есірткі тасымалының алдын алу үшін Орталық Азиядағы барлық серіктес елдер күш біріктіруге тиіс». «Жалпы алғанда Орталық Азия елдерінің басын қатырып отырған негізгі мәселе -Ауғанстан мәселесі болмақ». Дегенмен, Қ.Тоқаев «Орталық Азия аймағы мен Ауғанстанда тұрақтылық орнайды» дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта