Қазақстан Ауғанстандағы экономикалық ахуалды тұрақтандыруға ауқымды үлес қоса алады - Райс - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ауғанстандағы экономикалық ахуалды тұрақтандыруға ауқымды үлес қоса алады - Райс

Қазақстан Ауғанстандағы экономикалық ахуалды тұрақтандыруға ауқымды үлес қоса алады - Райс

Қазақстан Ауғанстандағы экономикалық ахуалды тұрақтандыруға ауқымды үлес қоса алады. Бұл туралы бүгін, 13-қазанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің оқытушы-студенттерімен кездесу барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қазан 2005
  • 482
Фото - Caravan.kz



«Бүгін мен Қазақстандық инвестицияларға Ауған нарығының есігін айқара ашу үшін не істеу керектігі төңірегінде осы елдің кәсіпкерлерімен пікір бөлістім»,- деп атап өткен К.Райс бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеушіліктер байқалғанын айтты. «АҚШ Қазақстанның жан-жақты саяси және экономикалық дамуға ниет түзеген талпыныстарын қолдайды және Қазақстанның инвестицияларынан Ауғанстан, Қырғызстан және Тәжікстан сынды елдер үлкен пайда табады деген пікірде»,- деді К.Райс.
Оның пікірінше, «аймақтық экономикалық ынтымақтастық пен сауда-саттық Орталық Азия аймағы үшін қуатты экономикалық ынталандыру тетігіне айнала алады».
Сонымен бірге К.Райс «Ауғанстан үшін лаңкестікке қарсы күрес — басты тауқымет ретінде сақталып отыр» , деп атап көрсетті.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта