Қазақстан аумағы арқылы газды транзитті тасымалдау көлемінің жылдық өсімі 3-5 процентті құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан аумағы арқылы газды транзитті тасымалдау көлемінің жылдық өсімі 3-5 процентті құрайды

Қазақстан аумағы арқылы газды транзитті тасымалдау көлемінің жылдық өсімі 3-5 процентті құрайды

Қазақстан аумағы арқылы газды транзитті тасымалдау көлемінің жылдық өсімі 3-5 процентті құрайды. Бұл туралы бүгін, 16-маусымда Азия қоғамының Алматыдағы халықаралық бизнес-конференциясында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Маусым 2005
  • 410
Фото - Caravan.kz

В.Школьниктің айтуынша, 2004-жылы Қазақстан аумағы арқылы тасымалданған газ транзитінің көлемі 110 млрд. текше метрді құрады. 2004-жылы біз 121,5 млрд. текше метр газ тасымалдадық, деді ол.

«Алдағы жылдары Орталық Азия аумағында табиғи газ өндіру және оны экспорттау мөлшерінің арту мүмкіндігі жоғары. Ол үшін біз көлік инфрақұрылымын дамытуымыз қажет». «Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ауқымды инвестиция, қолайлы инвестициялық ахуал мен Каспий өңіріндегі саяси тұрақтылық қажет»,- деді ол.
В.Школьник осы орайда Қазақстанда Орталық Азия-Орталық газ тасымалы жүйесін жаңалауға бағытталған ауқымды жұмыстар қолға алынғанын еске салды. Ондағы мақсат — Орталық Азия-Орталық газ тасымалы жүйесінің өткізгіштік қабілетін қазіргі 55 млрд. текше метрден 80 млрд. текше метрге, болашақта 100 млрд. текше метрге дейін арттыру. Құны 2 млрд. долларға бағаланған бұл жоба 9 жылда жүзеге асырылады, деді В.Школьник.
Әлемдік газ тұтынымы мәселесіне тоқталған В.Школьниктің айтуынша, Батыс Еуропа елдеріне табиғи газ импорттау мөлшері қазіргі 35 проценттен 2010-жылы 45 процентке, Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне газ импорттау мөлшері 2010-жылы 65 процентке, 2015-жылы 85 процентке жетеді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта