Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзитті тасымал кірісі келешекте жылына 2 млрд. доллардан асуы мүмкін - халықаралық сарапшылар - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзитті тасымал кірісі келешекте жылына 2 млрд. доллардан асуы мүмкін - халықаралық сарапшылар

Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзитті тасымал кірісі келешекте жылына 2 млрд. доллардан асуы мүмкін - халықаралық сарапшылар

Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзитті тасымалдың болжамдық кірісі келешекте жылына 2 млрд. доллардан асуы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 17-маусымда Астанада басталған "ТрансЕврАзия-2004" Ү халықаралық конференциясында ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов халықаралық сарапшылардың бағасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

  • 17 Маусым 2004
  • 516
Фото - Caravan.kz

«Еуразия құрлығының дәл кіндігінде орналасқан, жоғары деңгейде дамыған көлік және коммуникациялық желісі бар Қазақстанның халықаралық транзитті тасымал рыногынан ауқымды орынды ойып иемденуге мүмкіндігі толық»,- деді Қ.Нағманов. Оның пікірінше, аталмыш факторлар елімізге әкелінетін валюта ағынын анағұрлым арттыра алады.

«Сонымен бірге Қазақстандағы көлік дәліздері пайдалы қазбаларға бай, келешекте игеру мүмкіндігі үлкен аймақтар арқылы өтетіндігімен де маңызды»,- деді министр. Оның айтуынша, «елімізде транзитті дамыту, көлік дәліздерін құру мен коммуникацияларды жаңғырту аймақтардағы жұмыспен қамту деңгейі мен өндірістің өсіміне түрткі болмақ». «Нәтижесінде, транзиттің өзі тек көлік жүйесін ғана дамытып қоймай, оған жанама салалардың да, сондай-ақ, республика экономикасының тұтастай дамуына жол ашады»,- деді Қ.Нағманов.