ҚР тазалық-індет станциясының мәліметіне сүйенсек, 1948-2002-жылдар аралығында Республика бойынша адамдардың күйдіргімен ауыру оқиғасы 1804 мәрте, ал малдардың антракс микробын жұқтырып алу көрінісі 25258 мәрте тіркелген.
К.Оспановтың айтуынша, соңғы 5 жылда күйдіргінің ең белсенді ошақтары Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тіркелуде. Ал адамдар мен малдардың жекелеген немесе тобымен күйдіргі жұқтыру көрінісі жыл сайын тіркеледі.