Қазақстан аумағындағы радиация көздерінің санағы 2005-жылдың аяғына дейін бітеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан аумағындағы радиация  көздерінің санағы 2005-жылдың аяғына дейін бітеді

Қазақстан аумағындағы радиация көздерінің санағы 2005-жылдың аяғына дейін бітеді

Қазақстан аумағындағы радиация көздерінің санағы 2005-жылдың аяғына дейін бітеді. Бұл туралы бүгін, 11-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР атом энергетикасы жөніндегі комитетінің төрағасы Тимур Жантикин құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қазан 2005
  • 1244
Фото - Caravan.kz



Т.Жантикин «комитет ҚР денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан аумағындағы радиациялы көздердің санағын жүргізуде. Бұл жұмысты біз жуырда аяқтаймыз деп сенемін. Бастапқы меже — қыркүйек болатын. Толыққанды ақпарат әлі келген жоқ, жинақталып жатыр. Жылдың аяғына дейін бітіреміз деп сенемін»,- деді.
Қазіргі таңда елімізде ядролық көздердің республика аумағындағы қозғалысына қатысты мәліметтерді тіркеу және жинау жүйесі жұмыс істейді. Мәліметтер қорында 37 мыңдай көздер жайында ақпарлар жинақталған.
«Сонымен бірге елімізде сонау Кеңестік кезеңнен мұра боп қалған көздер де бар. Бірақ олар туралы ақпараттар жоғалып кеткен»,- деді Т.Жантикин.
«Санақтан кейін радиациялы көздер жергілікті билік органдарының қаржысына көміледі. Әзірге радиациялық ластаушы көздерді жою жөнінде ауқымды мемлекеттік бағдарлама қабылданған жоқ»,- деді атом энергетикасы жөніндегі комитет төрағасы.
Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан аумағында сақтаулы жатқан ядролық және радиация көздерін көму үшін 1 млрд. доллар қажет.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар