Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болады - 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 531.96
  • 622.45
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болады - 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ болады - 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы

22 қараша күні Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағымдармен бірге циклон ықпалында болады деп күтіледі, соған байланысты бірқатар аймақтарда бұрқасын болып, жел күшейеді, тұман түседі.

  • 21 Қараша 2012
  • 416
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның батыс бөлігі ғана антициклонның ықпалында болып, мұнда жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы ықтимал.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел, бұрқасын соғады деп күтілуде.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық, шығысындағы суларында және оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қату үдерісі жалғасады, осыған байланысты республиканың шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы көптеген өзендерде су бетінің одан әрі салқындауы байқалады.

Шардара су қоймасынан толқындардың таралуы есебінен Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының оңтүстігіндегі Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.