Қазақстан аумағының көптеген аудандарында тұман түседі деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан аумағының көптеген аудандарында тұман түседі деп күтілуде

Қазақстан аумағының көптеген аудандарында тұман түседі деп күтілуде

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметіне сүйенсек, бүгін, 7-қаңтарда Қазақстан аумағының көптеген аудандарында тұман түсіп, жел күшейеді деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қаңтар 2004
  • 485
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл көлінің маңында желдің екпіні 18-23, кей кездерде тіпті секундына 25-28 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, тау асуларында желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.
Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында да кей жерлерде тұман түседі.
Маңғыстау және Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында да кей жерлерде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар