Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігі сүт қабылдау пункттерін құру үшін 2020 жылға дейін 683 млн теңге жұмсайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігі сүт қабылдау пункттерін құру үшін 2020 жылға дейін 683 млн теңге жұмсайды

Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігі сүт қабылдау пункттерін құру үшін 2020 жылға дейін 683 млн теңге жұмсайды

Қазақстанда 2020 жылға қарай 212 сүт қабылдау пунктін ашу көзделген, ол үшін 683 млн теңге бөлінеді, -деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 10 Сәуiр 2015
  • 941
Фото - Caravan.kz


"Көптеген тауар өндірушілер сүт өнімдерін өндіру үшін импорт құрғақ сүтті сатып алғанды жөн көреді. Құрғақ сүт табиғи сүттен арзан, демек ондай өнімнің де өзіндік құны арзан болмақ. Бағадағы айырмашылыққа байланысты қазақстандық фермерлердің табиғи сүті сұранысқа ие бола алмай отыр. Оның үстіне қайта өңдеуші кәсіпорындардың сатып алатын сүттің сапасына қояр талаптары тым жоғары”, делінген министрлік басшысы Асылжан Мамытбековтың Алматы облысында "Медеу Коммерц" сүт тауарлы ферма мен "DanoneBerkut" сүт өңдеуші зауытты аралау нәтижелері бойынша таралған ақпаратта.
Министрліктің ақпаратына қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстанда сүт өнімдерін қайта өңдеуші шамамен 200 кәсіпорын өндіреді, бір жылдағы жалпы қуаттылығы 2 млн тонна сүтті құрайды. Оның 25 кәсіпорны ірі және орта санаттағы кәсіпорындарға жатады.
Өткен жылы жалпы сомасы 180,8 млрд теңгенің сүт өнімдері өндірілген.