Қазақстан ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдаушы Өзбекстандық автокөліктерден жол алымдарын алып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдаушы Өзбекстандық автокөліктерден жол алымдарын алып тастады

Қазақстан ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдаушы Өзбекстандық автокөліктерден жол алымдарын алып тастады

Бүгін, 29-маусымнан бастап Қазақстанда ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдаушы Өзбекстандық автокөліктерден республика аумағы арқылы жүріп өткені үшін жиналатын төлемдер алып тасталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаменті мен Оңтүстік Қазақстан облыстық транспорттық бақылау басқармасы қызметкерлерінің шетелдік алыс-беріске қатысушы кәсіпкерлермен кездесуінде Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау басқармасы бастығының орынбасары Валерий Байымбетов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Маусым 2005
  • 537
Фото - Caravan.kz

В.Байымбетовтың айтуынша, Қазақстан ел аумағы арқылы жүріп өткені үшін алынатын төлемдерді бір жақты алып астады. Ол осы орайда Қазақстан тарапынан аталмыш төлемдерді екі ел аумағында да паритетті негізде алып тастау туралы Өзбекстан басшылығына ұсыныс жасалғанын еске салды. Қазақстан Өзбекстанның мың, ал Өзбекстан Қазақстанның мың автокөлігін тегін өткізсін деген өтініш жасалған. Алайда ол жақтан нақты жауап келген жоқ.

Осыған байланысты көршілес республиканың басшылығы бұл бастаманы қолдар деген үмітпен Қазақстан бірінші болып ишара қадам жасап отыр, деді В.Байымбетов.
Қазақстандық жүк автокөліктері үшін Өзбекстан аумағы арқылы жүріп өту ақысы 300 АҚШ долларын құрайды.

Перейти к новостям спорта