«Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің жедел ішек инфекциясының профилактикасы, ауыз су қауіпсіздігін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту, тағам өнімдерін жүзеге асыру, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру шараларын күшейту туралы қаулысы шықты», -делінген Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі хабарламасында.
Еуропада қауіпті жедел ішек инфекциясы таралып отырғаны мәлім. Германияда 1 мыңнан астам адам індетті жұқтырған, кемінде 17 адам көз жұмған.