Қазақстан авиациясының кәсіби сырқатқа шалдыққан ардагерлерінің алдындағы берешек өтелді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан авиациясының  кәсіби сырқатқа шалдыққан ардагерлерінің алдындағы берешек  өтелді

Қазақстан авиациясының кәсіби сырқатқа шалдыққан ардагерлерінің алдындағы берешек өтелді

Қазақстан авиациясы ардагерлерінің алдындағы өткен жылдарда қордаланып қалған 163 млн. теңгенің кәсіби сырқатқа шалдыққаны үшін берешек өтелді. Бұл туралы мүгедек ұшқыштар қозғалысының мүшелері мен осы проблеманы жолға қоюға атсалысқан Отан партиясының өкілдері бүгін, 5-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 5 Тамыз 2003
  • 979
Фото - Caravan.kz

Кездесуде атап көрсетілгеніндей, Қазақстан авиациясы ардагерлерінің бұл мәселемен айналысқанына биыл 6-шы жыл. Осы бағытта үкіметтің бірнеше қаулысы қабылданып, ҚР жоғары сотынан бастап әр сатылы соттарда ондаған шешім шығарылды, ҚР бас прокуратурасының қаулысы жарық көрді, бірнеше мәрте үкіметтік комиссиялар да құрылды. Ақыры, сарғая күткендер мұратына жетіп, ардагерлер мәселесі осы жолы әрең шешімін тапқандай.

Бүгінде, авиация саласы ардагерлерінің қатары да сиреп, 89-дан 74-ке дейін кеміді. Соған қарамастан, ұшқыштар мүддесін қорғаушы Төлеген Әлжановтың айтуынша, бүгінгі күнге тірі жетпеген 15 отбасының мүшелері де нәпақасынан құр қалмай, өтемақыдан өз үлестерін алады.
Бүгінгі баспасөз мәслихатына қатысушылар мәселенің оң шешімін тапқанына ризашылық білдіріп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мәлімдеме жолдады. Онда мәселені шешуге ықпалдастық жасаған мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарына алғыс айтылған.
Сонымен қатар, «Чернобыль одағының» өкілдері Қазақстандық ардагер ұшқыштарды Г.Жуков атындағы төс белгімен марапаттау туралы бастама көтерді.

Соңғы жаңалықтар