Қазақстан Австриялық кәсіпкерлерді республианың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларға атсалысуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан  Австриялық кәсіпкерлерді республианың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларға атсалысуға шақырды

Қазақстан Австриялық кәсіпкерлерді республианың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларға атсалысуға шақырды

Республика үкімет басшысы Даниал Ахметов Қазақстанда сапармен жүрген Төменгі Австрия Федеральды жерінің губернаторы Эрвин Прелльмен кездесуде австриялық инвесторлардың инфрақұрылымды дамыту жөніндегі және Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ақпараттық технологияны енгізу жобаларына қатысуға шақырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкіметтің баспсөз қызметі хабарлады.

  • 3 Қараша 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты кең көлемдегі мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту перспективасына қатысты пікір алмасты.

Премьер-министр қонақты елімізде жүргізілген бірқатар реформадан, сондай-ақ, негізгі экономикалық көрсеткіштерден хабардар етті.
Губернатор Прелль мырза еліміздің экономикалық даму динамикасын жоғары бағалады және екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты барынша нығайтуға дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында медицина саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге байланысты, банкі саласында екі жақты әріптестікті дамыту және Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жайы талқыланды.
Атап өтілгендей, бүгінгі күні қазақстан-австрия қарым-қатынастары үдемелі дамуда. Екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 142,6 млн. долларды құрады. Қазіргі уақытта республикада металлургия, құрылыс және мұнайгаз секторы салаларында бірлескен қызметті белсенді жүзеге асырушы 50-ден астам қазақстан-австрия кәсіпорны тіркелген. Павлодар облысының Австрия-Каринтий федеральды жерімен әріптестік сауда-экономикалық байланыстары халықаралық деңгейге көтерілді, сондай-ақ Алматы қаласы мен Төменгі Австрия Федеральды жері арасында экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Перейти к новостям спорта