Жарияланды: 650

Қазақстан автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру полисін ТМД елдерінде өзара мойындау туралы келісім жобасын әзірлеуде

Қазақстан автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру полисін ТМД елдерінде өзара мойындау туралы келісім жобасын әзірлеуде. Қазір ҚР үкіметі мен Ұлттық банкі Ресей Федерациясымен және ТМД-ның басқа да елдерімен осы бағытта жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы бүгін, 25- желтоқсанда сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Ерлан Қошанов хабарлады.

Оның айтуынша, қазір автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру полисін ТМД елдерінде өзара мойындау туралы келісім жобасы жасалып жатыр. "Бұл мәселе таяу уақыттарда шешіледі дегенге сенемін",- деді вице-министр. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру полисін Қазақстан бірінші болып қолданысқа енгізген. Қазақстан аумағына 15 тәулік мерзіммен келетін ресейліктер үшін мұндай полистің бағасы 197 теңгені құрайды. Ал Ресей аталмыш полисті биыл қолданысқа енгізді. Бірақ оның бағасы 5,5 мың теңгеге жетеді. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру полисін ТМД елдерінде өзара мойындау туралы келісімге келу жөнінде бастама көтеріп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін