Қазақстан азаматтары 1 шілдеде жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматтары 1 шілдеде жұмыс істейді

Қазақстан азаматтары 1 шілдеде жұмыс істейді

Қазақстандықтар 1 шілдеде, сенбіде Елорда күнінен кейін қосымша демалыс күні болып саналатын 7 шілде үшін жұмыс істейді.

  • 26 Маусым 2017
  • 319
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, Қазақстанда Елорда күні ресми түрде 6 шілдеде атап өтіледі. Үкімет қаулысына сәйкес, 1 шілдедегі демалыс күні 7 шілдеге, жұмаға ауыстырылады. Ал кейінірек қазақстандықтарды әдеттегі екі демалыс күні — сенбі, 8 шілде мен жексенбі, 9 шілде демалыс күндері күтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осылайша, қазақстандықтар Елорда күніне төрт күн қатарынан — 6-9 шілде (бес күндік жұмыс күні болса) күндері демалады. 

1997 жылдың 20 қазанында Қазақстан астанасы Алматыдан сол кезде Ақмола аталған Астанаға ауыстырылған болатын. Қазақстанның Жоғарғы кеңесі мұндай шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдады.


Сондай-ақ, бұл күн биыл 77 жасқа толуын атап өтетін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне сәйкес келіп тұр.