Қазақстан азаматтары Лондондағы жарылыстардан зардап шеккен жоқ - ҚР елшілігі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматтары Лондондағы жарылыстардан зардап шеккен жоқ - ҚР елшілігі

Қазақстан азаматтары Лондондағы жарылыстардан зардап шеккен жоқ - ҚР елшілігі

Лондондағы жарылыстардан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2005
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен қала орталығында тұратын және жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарымен байланысқа шықтық. Олардың арасында зардап шеккендер жоқ»,- деді елшіліктегілер.

Дәл қазір Ұлыбританияда Қазақстанның қанша азаматы бар екені жайында елшілікте нақты мәлімет жоқ. Лондонның орталығында тұратын Қазақстан азаматтары саусақпен санарлық дейді олар. Қазақстандық студенттердің басым бөлігі Ұлыбритания астанасынан тысқары тұрады.
Ұлыбританияда төтенше жағдай жарияланған жоқ. Қазақстан елшілігі қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Елшілік жанындағы күзетті күшейтуге қосымша шаралар қолданылған жоқ, деп хабарлайды елшіліктегілер.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 7-шілдеде Лондон метросы мен жер үстіндегі қоғамдық көліктерінде бірнеше жарылыс болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, жарылыстар салдарынан 90 -дай адам зардап шекті, құрбар болғандар да бар.
Ресми Лондон «бұл — лаңкестік әрекет» деп мәлімдеп үлгерді. Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр болған оқиғаны «варварлық әрекет» деп бағалады.

Перейти к новостям спорта