Қазақстан азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның тұсаукесері жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның тұсаукесері жасалды

Қазақстан азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның тұсаукесері жасалды

Бүгін, 19-қыркүйекте Қазақстан жастарының ІҮ конгрессінде ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова "Қазақстан азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі" мемлекеттік бағдарламаның тұсаукесерін жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 1303
Фото - Caravan.kz



«ҚР білім және ғылым министрлігі жүргізген әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысқан 2000 қазақтың 15 проценті өздерін Қазақстанның азаматы ретінде сезінбейтінен мәлімдесе, басқа ұлт өкілдерінің арасында бұл көрсеткіш 30 процентке жетеді. Бұл — алаңдатарлық мәселе»,- деді Б.Әйтімова.
Министрдің айтуынша, жоба аясында «мектептерде үйретілетін пәндердің бағдарламасына мектеп оқушыларын отансүйгіштік көзқарасқа тәрбиелейтін қосымша оқыту материалдарын енгізу» көзделген. Мемлекеттік мерекелерді атап өтуге бағытталған тақырыптық арнаулы сценарийлер жобасын жасап тарату да ойда бар. Сонымен бірге орталық және аймақтық телеарналар арқылы отансүйгіштікке және рухани-адамгершілікке тәрбиелеу ісіне арналған хабарларды тарату көзделіп отыр. «Бағдарлама Қазақстандағы отансүйгіштіктің үлгісін қалыптастыруға тиіс»,- деді білім және ғылым министрі.
Бағдарламаның жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жасалған. Оны жобалау жөніндегі жұмыс тобын мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімов басқарады. Бұл жұмыс тобына сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрі, қорғаныс, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері мен жастар саясаты және ішкі саясат департаментінің директоры енген.
15-қазанда бағдарламаның жобасы үкіметтің қарауына ұсынылады.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта