Қазақстан азаматтығын алғандар енді ант қабылдауы тиіс! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматтығын алғандар енді ант қабылдауы тиіс!

Қазақстан азаматтығын алғандар енді ант қабылдауы тиіс!

Қазақстан азаматтығын алғандар енді төлқұжатты қолға ұстамас бұрын ант қабылдауы тиіс! Мәжіліс «Жеке басты куәландыратын құжат туралы» заңға осындай өзгеріс енгізді. Сондай-ақ, бұдан былай паспортқа Елбасының тәуелсіздік, патриотизм туралы айтқан сөздері жазылмақшы. Жазғы каникулдан шыққан депутаттардың қарқыны қатты. Төменгі палата бүгін небары екі сағаттың ішінде бұдан бөлек 40 астам заң жобасын мақұлдап тастады.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz

Бұл — Мәжілістің жазғы демалыстан кейінгі алғашқы отырысы. Әсіресе Қанат Саудабаев үшін бүгінгі жиын ерекше. Ол депутат ретінде бірінші рет заң қыблдауға қатыспақ. Бұрынғы Сыртқы істер министрі аздап жатырқап жүргендей. Бірақ, әріптестері оны еш шеттетпей су жаңа мәжілісменге орнын көрсетіп, қалай дауыс беруді үйретті.

Мәжіліс төрағасы биыл парламенттің жұмысы қауырт болатынын бірден ескертті. Яғни бір заңды сағаттап қарап отыруға уақыт жоқ. Қос палата қазанға дейін 60 жуық құжатты қарап шығып, қабылдап үлгеруі тиіс. Және алдағы үш жылдың бюджетін әзірлеу қажет.

Қабиболла Жақыпов, Мәжіліс төрағасы:                     

— Президент поручил…Президент 2017-18 жылдардағы бюджет тапшылығын 1 пайызға дейін төмендетуді тапсырды. Қаржыландыру тек ішкі резервтен бөлінуі тиіс. Қабылданатын заң да өте көп, біз барынша тығыз жұмыс істеуіміз керек. Әр депутаттың жұмысы сынға түсетін кез келді. 

Депутаттар жұмысты жеке куәліктен бастады. Бұдан былай Қазақстанның азаматтығына ауысып, жеке құжат алу үшін ант қабылдау қажет болады. Мәжілісмендер заңға осындай өзгеріс енгізді. Сондай-ақ, әр паспортқа Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздері жазылмақ.

Рахмет Мұқашев, Мәжіліс депутаты:

— Заң жобасының мақсаты — "Мәңгілік Ел" идеясын жандандыру. Ол үшін әрбір азаматтың паспортына тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысының тәуелсіздік жайлы сөзі жазылады.

Ал Светлана Романовскаяның ашуы әлі тарқамапты. Жазғы демалысының шырқы бұзылған депутат енді турфирма басшысын сотқа сүйремей қоймаймын деп отыр. Дегенмен қызылкеңірдек болып айқайласып, балағат сөздерді боратқан мен емес деп мойындаған жоқ.

Светлана Романовская, Мәжіліс депутаты:

—  Мен дөрекі сөйлеп, турфирма басшысына қоқан-лоқы көрсеткен жоқпын. Менің даусым екені әлі дәлелденген жоқ. Қайта туристік агенттік заң бұзып, мені ашуландырды. Енді сотта кездесеміз.

Естеріңізге салсақ, дау шілде айында басталған. «TourMagazine» компанияның иесі Әсел Нұркебаева «депутат Романовская қорқытты, балағаттады» деп, тіпті таспасын да ғаламторға жариялаған болатын.  

Осылайша депутаттардың алғашқы жұмыс күні қарбаласпен өтті. Қатты қарқынмен іске кіріскендері соншалық небары екі сағаттың ішінде 40 астам заң жобасын қарап, қабылдап тастады. Оның арасында сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қызмет, халықаралық қатынас сынды маңызды құжаттар бар.

Соңғы жаңалықтар