Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 12 тамызда Қазақстанның 38 жастағы азаматы өзінің «Ауди-100» көлігімен қазақ-өзбек шекарасын Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы «Қазығұрт» өткізу бекеті арқылы өтуге ниет білдірген. Оның жүктерінің арасындағы екі сөмкеден тексеру кезінде 300 грамм алтын бұйымдар мен 1 млн өзбек сомы табылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті