Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 12 тамызда Қазақстанның 38 жастағы азаматы өзінің "Ауди-100" көлігімен қазақ-өзбек шекарасын Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы "Қазығұрт" өткізу бекеті арқылы өтуге ниет білдірген. Оның жүктерінің арасындағы екі сөмкеден тексеру кезінде 300 грамм алтын бұйымдар мен 1 млн өзбек сомы табылды.