Қазақстан азаматының оққа ұшуына байланысты бүгін Қазақ-Өзбек шекарасында екі ел шекарашыларының екінші кездесуі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-18 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматының оққа ұшуына байланысты бүгін Қазақ-Өзбек шекарасында екі ел шекарашыларының екінші кездесуі өтеді

Қазақстан азаматының оққа ұшуына байланысты бүгін Қазақ-Өзбек шекарасында екі ел шекарашыларының екінші кездесуі өтеді

Бүгін, 3-маусымда Қазақстан азаматы оққа ұшқан жерде, Қазақ-Өзбек шекарасында екі ел шекарашыларының екінші кездесуі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Сарыағаш ауданының прокуроры Айдархан Бабышев хабарлады.

  • 3 Маусым 2004
  • 821
Фото - Caravan.kz

Прокурордың айтуынша, Өзбекстан шекарашыларының Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Нұржігіт Подановты өлтіру оқиғасын тектеп-тексеру жұмыстарына құқық қорғау мекемелері, әскери прокуратура, Шымкент әскери гарнизонының әскери тергеу басқармасы қызметкерлері, Сарыағаш шекара отрядының қолбасшылығы өкілдері қатысуда.

ҚР ҰҚК-де жұмыс істейтін ақпарат көзінің хабарлауынша, қазір тергеушілер «Өзбекстандық шекарашының қару қолдануы қаншалықты орынды, оларға Н.Поданов тарапынан қандай қауіп төнді» деген мәселені анықтап жатыр.
Сарыағаш аудандық прокурорының нақтылағанындай, 27 жастағы Н.Поданов 1-маусымда Өзбекстанның «Майский» шекаралық бекетінде шекарашы атқан оқтан қаза тапты. Ол қалыңдығының екі туысымен бірге такси жалдап Ташкентте тұратын қалыңдығының үйіне бет түзеген көрінеді. Қазақстандық шекара бекетін ешбір қиындықсыз артқа тастаған оларды Өзбекстан аумағында үш шекарашы тоқтатып, автокөлікті екі жаққа бірдей босатпай қояды. Кідіртілу себептерін анықтамақшы болған Н.Подановқа қаратып шекарашылардың бірі автоматтан үш оқ атқан. Оқиға орнына адамдар жинала бастағанда шекарашылар іздерін жасырып үлгереді. Қол-аяғынан жараланған Н.Поданов Қазығұрт ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізіледі. Жігіт сол жерде қансырап қайтыс болады.
Кеше, 2-маусымда қайтыс болған азамат жер қойнына тапсырылды. Қазығұрт аудандық әкімшілігі осы ауданның Қаратас ауылында тұратын қаза тапқан жігіттің отбасына материалдық көмек көрсетті.
Оңтүстік Қазақстан облыстық халықаралық қарым-қатынас жөніндегі прокурорының аға көмекшісі Ақынбек Бекториевтің мәліметіне жүгінсек, еліміз тәуелсіздікке ие болғаннан бері бұл Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында Өзбекстан күш құрылымдары тарапынан қару қолдануға қатысты 18-ші төтенше оқиға. Осы мерзімде Оңтүстік Қазақстан облысының 4 тұрғыны өзбек шекарашылары атқан оқтан қаза тапты.