Азиада ұйымдастыру комитетінің ресми сайтындағы ақпарға қарағанда, отандастарымыз Юлия Галышева мен Юлия Родионова бүгінгі сайысты 33:2 есебімен аяқтады. Ю.Родионова күміс медаль, жапондық спортгы Ито Мики (Ito Miki) қола медаль алды.
Бұл Ю.Галышеваның осы жолғы Азиадада алып отырған екінші «алтыны».
Ақпарға сүйенсек, қазақстандық спортшы Дмитрий Бармашов ерлер арасындағы жарыста «алтын» медаль жеңіп алды. Ол ақтық сайыста жапондық Уено Осамуды (Ueno Osamu) 20:15 есебімен ұтып алды. Ал, үшінші орын Жапония өкілі Цукито Югоның (Tsukito Yugo) еншісінде.
Сонымен қатар, қазақстандық шаңғышылар — Николай Чеботько мен Алексей Полторанин бүгін 10 шақырымдық классикалық жүрісте «күміс» және «қола» жүлделерге ие болды. Бұл жарыста жапондық шаңғышы Йосида Кейсин (Yoshida Keishin) басым түсті. Ол 10 шақырымды 29 минут 39,2 секундта жүріп өткен.
Осылайша, Қазақстан жалпы командалық есепте озып тұр. Ел спортшылары алған 42 медальдің ішінде: 15 алтын, 15 күміс және 12 қола медаль бар.
Екінші орында 10 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль иеленген Оңтүстік Корея, үшінші орында Жапония тұр. Жапония спортшылары 8 алтын, 14 күміс, 11 қола медаль алды.