Форумға қатысушылар Азия аймағындағы өзекті проблемаларды талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша «Азиядағы ынтымақтастық туралы декларация» мен «Циндао бастамасы» атты құжат қабылданды.
Форум аясында өткізілген «Азиядағы даму мен ынтымақтастық» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинарда сөйлеген сөзінде Қ.Тоқаев Азия ынтымақтастық диалогының Азия құрлығын дамытуға бағытталған негізгі халықаралық күш-жігер ретінде дамуының маңызын атап өтті. Министр сондай-ақ, Қазақстанның энергетика, көлік және ауылшаруашылғы тәрізді басымдық берілген үш сала бойынша ынтымақтастыққа әзірлігін атап көрсетті.
Сапар барысында Қазақстан сыртқы істер министрі өзінің Қытай,Үндістан, Таиланд, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Мьянма, Лаос, Сингапур, Филиппины, Оман және Кувейттік әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында тараптар саяси, экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелер бойынша пікір алмасты. Аймақтық ынтымақтастықты дамытуға және Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Азия ынтымақтастық диалогына Азия құрлығының 22 мемлекеті мүше. Олардың арасында Жапония, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппины, Оман, Кувейт т.б. елдер бар. Орталық Азия елдері арасынан тек Қазақстан ғана осы ұйымға 2003-жылы мүшелікке өтті.