Қазақстан Азия және Африка елдерімен жаңаша стратегиялық әріптестік байланыстар орнату туралы декларацияға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Азия және Африка елдерімен жаңаша  стратегиялық әріптестік байланыстар орнату туралы декларацияға қол қойды

Қазақстан Азия және Африка елдерімен жаңаша стратегиялық әріптестік байланыстар орнату туралы декларацияға қол қойды

Жакарта қаласында өткен саммитте Қазақстан Азия және Африка елдерімен жаңаша стратегиялық әріптестік байланыстар орнату туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Сәуiр 2005
  • 1989
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-інен хабарлағанындай, Азия және Африка елдерімен арадағы жаңаша стратегиялық әріптестік халықаралық сахнадағы саяси ынтымақтастықты нығайту, экономикалық байланыстарды тереңдету, екі құрлық елдерінің арасындағы гуманитарлық-мәдени байланыстар аясын кеңейтуді көздейді.

Азия-Африка саммитінің қорытындысы бойынша тараптар сонымен бірге цунами және жер сілкінісі секілді табиғи зілзалаларға бірлесіп қарсы тұру туралы Азия және Африка елдері лидерлерінің бірлескен мәлімдемесі мен стратегиялық әріптестікті жүзеге асыру шараларының жоспарын қабылдады.
22-23-сәуірде Индонезияда өткен саммит Азия мен Африкадағы дамушы елдердің өзара ынтымақтастығына негіз қалаған Бандунг конференциясының 50 жылдық мерейтойына арналды.
Саммитке әлемнің 89 елі мен 10 діни ұйымның өкілдері қатысып, 20 ел мен 11 халықаралық ұйымдардың өкілдері бақылаушы ретінде шақырылды. Форумға қатысқан Қазақстандық өкілдерді ҚР президентінің арнаулы елшісі, ҚР СІМ-нің орынбасары Рәпіл Жошыбаев басқарды.

Перейти к новостям спорта