Қазақстан Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бірлескен форумын өткізуді ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бірлескен форумын өткізуді ұсынып отыр

Қазақстан Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бірлескен форумын өткізуді ұсынып отыр

Қазақстан Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бірлескен форумын өткізуді ұсынып отыр. Бұл туралы бүгін, 11-ақпанда ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше-елдердің аға лауазымды қызметкерлері Комитетінің отырысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Ақпан 2004
  • 776
Фото - Caravan.kz

Қ.Әбусеитов Азиялық және Еуропалық ұйымдар өкілдерінің бірлескен кездесуін ұйымдастыру туралы идеяны «өте қызғылықты идея» деп атады. «Біз бұл орайда қауіпсіздік ұғымының біртұтастығы туралы, ЕурАзия туралы идеяны, әлемдік қауымдастықты біріктіріп, адамзат дүниесіне жаппай қауіп төндіріп отырған қиындықтар туралы алға тартып отырмыз»,- деді вице-министр. Дегенмен ол Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қауіпсіздік мәселесіне деген көзқарасы өзара қабыспайтынын атап өтті. Қ.Әбусеитовтың болжауынша, мұндай диалог екі ұйымды да байыта түсер еді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сарапшылық әлеуеті өте күшті, деді вице-министр. Бұл ұйым қауіпсіздік мәселесімен көптен бері айналысып келе жатса, Азияда бұл мәселе жуырда ғана қарастырыла бастады.
Қ.Әбусеитовтың түсініктемесіне жүгінсек, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бірлескен форумын өткізу жайындағы мәселе бүгін басталған отырыста қаралады. «Егерде қатысушылардың бірі мұндай диалогты бастауға мүмкіндік әлі туа қойған жоқ деген пікірде болса, онда біз бұл идеядан бас тарта аламыз»,- деді ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар