Қазақстан Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдерді азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын белсендірек шешуге шақырады - ҚР СІМ басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдерді азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын белсендірек шешуге шақырады - ҚР СІМ басшысы

Қазақстан Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдерді азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын белсендірек шешуге шақырады - ҚР СІМ басшысы

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдерді азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын белсендірек шешуге шақырады. Бұл туралы Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің VII кеңесі барысындағы үзіліс кезінде өткен брифингте ҚР СІМ Марат Тәжин журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Қазан 2008
  • 596
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беруді жоспарлауда, сол себепті Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдерді азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын белсендірек шешуге шақырады «, — деді М. Тәжин.

Жалпы алғанда еліміздің 2008-2009 жылдары Азиядағы ынтымақтастық диалогына төрағалық жасайтындығы «Қазақстанның беделі мен маңызының өсуіне дәлел бола алады»,- деді министр.

«Қазақстан Азиядағы ынтымақтастық диалогына төрағалық жасайтын уақытта ұйымға мүше елдерде ынтымақтастықтың түрлі салаларында Азиялық интегарцияны жеделдетуге бағытталған бірқатар кездесулер өтеді. Атап айтсақ, 2009 жылдың наурыз-сәуір айларында Пәкістанда АЫД министрлерінің 2-ші Энергетикалық форумы, 2009 жылдың сәуір айында Қазақстанда АЫД министрлерінің 1-ші Транспорттық форумы және басқа да іс-шаралар өтеді», — деді М.Тәжин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар