«Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беруді жоспарлауда, сол себепті Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдерді азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын белсендірек шешуге шақырады «, — деді М. Тәжин.
Жалпы алғанда еліміздің 2008-2009 жылдары Азиядағы ынтымақтастық диалогына төрағалық жасайтындығы «Қазақстанның беделі мен маңызының өсуіне дәлел бола алады»,- деді министр.
«Қазақстан Азиядағы ынтымақтастық диалогына төрағалық жасайтын уақытта ұйымға мүше елдерде ынтымақтастықтың түрлі салаларында Азиялық интегарцияны жеделдетуге бағытталған бірқатар кездесулер өтеді. Атап айтсақ, 2009 жылдың наурыз-сәуір айларында Пәкістанда АЫД министрлерінің 2-ші Энергетикалық форумы, 2009 жылдың сәуір айында Қазақстанда АЫД министрлерінің 1-ші Транспорттық форумы және басқа да іс-шаралар өтеді», — деді М.Тәжин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті