Қазақстан байқаушылары АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысады - А.Әбибуллаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан байқаушылары АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысады - А.Әбибуллаев

Қазақстан байқаушылары АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысады - А.Әбибуллаев

Қазақстанның байқаушылары АҚШ-та өтетін президенттік сайлауды байқауға қатыса алады.

  • 6 Қараша 2012
  • 303
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналистерге арналған брифингте ҚР СІМ-нің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«The New American-ның Қазақстан байқаушыларының АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысуы туралы жарияланымына қатысты. Бұл жекелеген американдық басылымның редакторлық пікірі және басылымның ұстанымына қатысты пікір білдіруді орынсыз және жөнсіз деп санаймын. Онымен бір мезгілде сайлауда байқаушы болу бойынша ЕҚЫҰ-ның қағидаттары мен міндеттері барлық елдер үшін бірдей екендігін атап өткен жөн»,- деді қазақстандық СІМ-нің өкілі.

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ американдық тараптың қатысуымен қабылданған және бекітілген регламент пен жалпы ережелерге сәйкес әртүрлі елдерден байқаушылардың құрамын өз бетінше қалыптастырады, соның ішінде Қазақстанның. АҚШ-тың сайлауға байқаушылардың қатысуына қатысты Ұйымның алдында сондай-ақ міндеттемелері бар.

Соңғы жаңалықтар