Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағы бойынша РФ-мен уағдаластықты жақтайтынын қуаттайды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҰҚШҰ кеңесі, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес және ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттер кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге сапары қарсаңында үкіметаралық ресейлік-қазақстандық комиссияның қазақстандық тарап басшысы және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшесі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне қатысты пікірін |
білдірді.
«Өздеріңіз білетіндей, 2004 жылы Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзартқан болатын. Қазақстан Республикасының Үкіметі сөзсіз бұл уағдаластықты жақтайтынын қуаттайды. 2012 жылдың қазан айында президенттер Назарбаев пен Путин үкіметаралық комиссияға «Байқоңыр» ғарыш айлағын бірлесіп қолдануға қатысты мәселелерді қарастыруға және келесі жылы біздің ынтымақтастықтың қалыпты - құқықтық базасында тиісті өзгертулерді әзірлеуді тапсырды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы одақтас әрі стратегиялық әріптестер болып табылады. Ол ғарыш саласында да көрініс табуда. Барлық мәселелер үкіметаралық комиссияның аясында талқыланатын болады, оны екі тараптан премьер-министрлердің орынбасарлары басқарады. Олар стратегиялық әріптестерге ретінде, Қазақстан мен Ресейдің мүдделерін қорғайтын болады. Онымен бірге келіссөздер арқылы шешілмейтін мәселелер жоқ деп ойлаймын», - деді Қ. Келімбетов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін