«Өткен жылдың қараша айында Владимир Путин Ресейдің аумағында «Восточный» деп аталатын ғарыш айлағын салу туралы шешім шығарған. Сол себепті біз Байқоңыр ғарыш айлағын өз бетімізбен дұрыс пайдалануға дайындалуымыз қажет»,- деді ол.
Заң жобасында «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясына жалға беру уақытын 2050 жылға дейін созу мәселесі көрсетілген. Сонымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешенін жасау қарастырылған. Агенттік төрағасының айтуынша бүгінде «Бәйтеректің» 65 пайызы жасалған, кешенді пайдалануға 2012 жылы беру көзделген.
«Бүгінгі таңда Қазақстанды ғарыштық держава деуге әлі ерте. Әзірге жеткен космостағы жетістіктеріміз тек ғарышкерлерді ұшыру мен «Казсат» спутнигін жіберу ғана болып тұр. Бұлар әлі нағыз ғарыштағы жетістікке жатпайды,- деді Т.Мұсабаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті