Қазақстан Баку бағытында мұнай тасымалдау көлемін арттыра түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-20 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Баку бағытында мұнай тасымалдау көлемін арттыра түсті

Қазақстан Баку бағытында мұнай тасымалдау көлемін арттыра түсті

Қазақстан Баку бағытында мұнай тасымалдау көлемін арттыра түсті. Каспий теңізі кеме шаруашылығының (КАСПАР) басшысы Айдын Башировтың KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, осы айда КАСПАР-ға Баку бағытында 600 мың тонна Қазақстан мұнайын тасымалдау туралы өтініш келіп түкен. Одан әрі қарай мұнай Баку-Батуми бағытындағы темір жолмен Батуми айлағына жеткізіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 7 Маусым 2004
  • 624
Фото - Caravan.kz

Кеме шаруашылығы төрағасының айтуынша, бұл айлық орташа көрсеткіштерден 300-350 мың тоннаға артық. А.Башировтың айтуынша, Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемінің артуы Иранның Нека айлағы қызмет көрсетіп үлгере алмағандықтан көп кеменің сонда қаңтарылып қалуына байланысты.

КАСПАР басшысының айтуынша, сондай-ақ, Түрікменстаннан тасымалданатын мұнай және мұнай өнімдерінің көлемі де арта түсті. Негізінен ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдау көлемі арта түсу ағымы байқалып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жалпы алғанда 2004-жылы КАСПАР тасымалданатын жүк көлемін биылғы болжамдық 13 млн. тоннадан 14 млн. тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. 2003-жылы кеме шаруашылығы 13,2 млн. тонна түрлі жүктер тасымалдаған, олардың 8,875 млн. тоннасы мұнай өнімдері.