Жарияланды: 390

Қазақстан «Баку-Тбилиси-Джейхан» құбыры бойынша мұнай тасымалдауға ниетті

Қазақстан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай өткізу жүйесі арқылы «Қашаған» кен орнын қондырудың екінші кезеңінің аясында мұнай тасымалдауға ниетті.

Бұл туралы бейсенбі күні Бакуде өткен Азия саяси партияларының VII Бас ассамблеясында Әзірбайжанның Өндіріс және энергетика министрі Натиг Әлиев айтты. Министрдің сөзіне қарағанда, тараптар бұл мәселені Астанада қыркүйек айында өткен экономикалық ынтымақтастық бойынша әзірбайжан-қазақстан үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысында талқылады. Мұнай тасымалдаудың Транскаспий жүйесі аясында бастапқы кезеңде 23 млн. тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау жоспарлануда, одан әрі бұл көрсеткішті 35 млн. тоннаға, мүмкіндік болса 56 млн. тоннаға дейін арттыру көзделуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін