Түрік әріптесі Феридун Синирлиоғлымен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген ӘР СІМ басшысы Әзербайжан мен Грузияда ТТК жобасы жұмыстарының аяқталғанына назар аудартты.
«Бұл тек Оңтүстік Кавказ үшін ғана емес, Орталық Азия үшін де өте маңызды жоба болып табылады. Қазақстан мен Түркіменстан бұл теміржолды пайдалануға мүдделілік танытып отыр. Қытай да Баку-Тбилиси-Карс жобасына үлкен мән беруде», — деп атап өтті Э.Мәмедъяров.
«Баку-Тбилиси-Карс теміржолының маңызды стратегиялық мәні бар. Бұл жолмен тікелей Түркия, Еуропаға жол тартуға болады. Темір жолдар халықтарды байланыстырып отыр», — деді ӘР СІМ-нің басшысы.