Қазақстан "Баку-Тбилиси-Жейхан" негізгі экспорттық мұнай құбыры жобасының табысты жүзеге асырылуынан мүдделі- ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан "Баку-Тбилиси-Жейхан" негізгі экспорттық мұнай құбыры жобасының табысты жүзеге асырылуынан мүдделі- ҚР президенті

Қазақстан "Баку-Тбилиси-Жейхан" негізгі экспорттық мұнай құбыры жобасының табысты жүзеге асырылуынан мүдделі- ҚР президенті

Қазақстан "Баку-Тбилиси-Жейхан" негізгі экспорттық мұнай құбыры жобасының табысты жүзеге асырылуынан мүдделі. Бүгін, 1-наурызда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Наурыз 2004
  • 493
Фото - Caravan.kz

Екі ел арасындағы мұнайгаз және көлік саласындағы ынтымақтатсық бағыттары туралы талқылау барысында Елбасы Н.Назарбаев Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры — қазақстан мұнайын экспортқа шығаратын басты бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты әр жаққа да тиімді келіссөздерді одан әрі жалғастырудың маңызына тоқталды. Кездесу барысында Қазақстанның Каспий теңізін қоршай орналасқан мемлекеттердің аймақтық лаңкестікке қарсы күрес орталығын құру және Каспий теңізіндегі тұрақтылық туралы пактіге қол қою туралы бастамасы сарапқа салынып, аймақтағы қарусыздану проблемасы талқыланды. Бұл орайда Еуропа мен Азия құрлықтары арасында тиімді тасымал дәлізін құру саласында өзара ынтымақтастық орнату, соның ішінде ТРАСЕКА және ИНОГЕЙТ бағдарламалары мен ТАСИС жобасы аясындағы өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар