Қазақстан балетінің жұлдызы Алматы сахнасына оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан балетінің жұлдызы Алматы сахнасына оралды

Қазақстан балетінің жұлдызы Алматы сахнасына оралды

Қазақстан балетінің танымал өкілі Досжан Табылды араға ұзақ уақыт салып жұма күні Жорж Бизе мен Родион Щедриннің «Кармен-сюитасындағы» Хозе ролінде Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасына қайта оралады, деп хабарлайды МАОБТ дирекциясы.

  • 22 Сәуiр 2011
  • 554
Фото - Caravan.kz

Бұл — Оңтүстік Кореядан жақында ғана оралған Досжан Табылдының туған сахнада ойнайтын алғашқы ролі. Ол Сеул қаласындағы Кореяның ұлттық балет театрының шақыруымен гранд-солист болған. Оның пластикасын, актерлық шеберлігі мен кәсіби қасиеттерін әлем мойындап отыр, ал беделді балет сыншылары оң баға берсе, әлем көрермендері шаттана тамашалайды.

Альберто Алонсоның керемет қойылымындағы «Кармен-сюита» — Алматыдағы елеулі мәдени оқиға. Сұлу сыған қызы Карменнің ролін театр солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құралай Сарқытбаева сомдайды. Балет сүйер қауым Тореро ролінде Фархад Бөриевті, Коррехидор ролінде Нұрлан Байбосыновтың шеберлігін тамашалайды.

Перейти к новостям спорта