Қазақстан Балтық жағалауы елдеріндегі тұңғыш инвестициялық жобасы -Вентспилс айлағында астық терминалын салу жобасын жүзеге асыра бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Балтық жағалауы елдеріндегі тұңғыш инвестициялық жобасы -Вентспилс айлағында астық терминалын салу жобасын  жүзеге асыра бастады

Қазақстан Балтық жағалауы елдеріндегі тұңғыш инвестициялық жобасы -Вентспилс айлағында астық терминалын салу жобасын жүзеге асыра бастады

Қазақстан- Латвия бірлескен "Ventspils Grain Terminal" кәсіпорны Вентспилс айлағында жылына 2,5 млн. тонна өнім өткізу қуаты бар астық терминалын сала бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Наурыз 2004
  • 601
Фото - Caravan.kz

Сыртқы саясат мекемесіндегілердің пайымдауынша, терминал құрылысын салу «Қазақстанның астық рыногіндегі бәсекелестік қабілетін арттыруға түрткі бола отырып, стратегиялық өнімді экспорттау мөлшерін арттыруға септігін тигізбек». «Астық кешені Қазақстанның Еуропалық Одақ аумағындағы тұңғыш ірі терминалы болумен бірге еліміздің Балтық жағалауы елдерінде жүзеге асырған алғашқы инвестициялық жобасы болып табылады»,- делінген хабарламада.

Осы оқиғаға орай ҚР ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов Латвияда ресми сапармен болып қайтты. Латвия президенті Вайра Вике-Фрейберге ханымның министрмен кездесуде жария еткен пікіріне жүгінсек, Вентспилс айлағында астық терминалын салу екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, транзит саласындағы ынтымақтастықтар аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
26 млн. доллар көлемінде жалпы инвестиция жұмсалатын астық терминалының құрылысы 2005-жылдың ақпан айында салынып бітеді. Жоба акционерлер қаржысы мен несиелер есебінен қаржыланады. Астық сақтау және оны тасымалдау саласындағы озық технологиялар мен қазіргі заманғы дүниежүзілік тәжірибені пайдалану көзделіп отыр. АҚШ-тың «Agrico Sales Inc» компаниясы жобаны жабдықпен қамтамасыз етеді. Терминал 7 гектар алқапты иемденеді. Бұл жерде жүк түсіру торабы, қырман, астықты кемеге тиеуге арналған машиналар мен көлік жүйесі орын тебеді.
Астық терминалының іргетасын қалау рәсіміне Қазақстан Республикасының Латвиядағы елшісі Рашид Ыбыраев, Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы мен Қазақстан Астық одағының өкілдерінен құралған Қазақстан делегациясы қатысты.

Соңғы жаңалықтар