Қазақстан банктері үшін жалғыз проблема - несиелік портфельдің сапасының төмендеуі - еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан банктері үшін жалғыз проблема - несиелік портфельдің сапасының төмендеуі - еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі

Қазақстан банктері үшін жалғыз проблема - несиелік портфельдің сапасының төмендеуі - еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан банктері үшін жалғыз проблема - несиелік топтаманың сапасының төмендеуі деп санайды. Бұл туралы ол бүгін журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қазан 2008
  • 600
Фото - Caravan.kz

«Банк секторындағы жағдай былтырғы жағдаймен бірдей, яғни, халықаралық қаржы нарығынан ақша тарту қиынға соғып отыр. Бірақ банктер биыл сыртқы борыштарын табысты өтеді. Келесі жылы да несиелерін уақытында қайтарады деп сенеміз»,- деді Б.Сұлтанов.

Министрдің пікірінше, несиелік топтаманың сапасының төмендеуі проблемасын шешуге Стресті активтер қорын құру өз септігін тигізуге тиіс. Қор «банктердің жағдайын жақсарту, олардың жағдайын нашарлатуға жол бермеу және рейтингтік агенттіктер тарапынан оларға деген дұрыс қатынас болуы үшін» құрылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар