Қазақстан банктері үшін жалғыз проблема - несиелік портфельдің сапасының төмендеуі - еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан банктері үшін жалғыз проблема - несиелік портфельдің сапасының төмендеуі - еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі (толық нұсқасы)

Қазақстан банктері үшін жалғыз проблема - несиелік портфельдің сапасының төмендеуі - еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі (толық нұсқасы)

Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан банктері үшін жалғыз проблема - несиелік топтаманың сапасының төмендеуі деп санайды. Бұл туралы ол бүгін журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қазан 2008
  • 660
Фото - Caravan.kz

«Банк секторындағы жағдай былтырғы жағдаймен бірдей, яғни, халықаралық қаржы нарығынан ақша тарту қиынға соғып отыр. Бірақ банктер биыл сыртқы борыштарын табысты өтеді. Келесі жылы да несиелерін уақытында қайтарады деп сенеміз»,- деді Б.Сұлтанов.

Министрдің пікірінше, несиелік топтаманың сапасының төмендеуі проблемасын шешуге Стресті активтер қорын құру өз септігін тигізуге тиіс. Қор «банктердің жағдайын жақсарту, олардың жағдайын нашарлатуға жол бермеу және рейтингтік агенттіктер тарапынан оларға деген дұрыс қатынас болуы үшін» құрылып отыр.

Бұдан бұпрын да хабарлағанымыздай, жылдың аяғына дейін Қазақстан экономикасына қосымша $15 млрд құйылады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кеше үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті.

«Жылдың аяғына дейін Қазақстан экономикасына қосымша $15 млрд құйылады. Бұл Жалпы ішкі өнімнің 15% тең. Бұл осы кезеңде бізге жаңа секіріс жасауға мүмкіндік беретін және сыртқы нарықтың кері әсерін жұмсартуға жол ашатын қомақты қаржы», -деді Кәрім Мәсімов.

«Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, бізге Ұлттық қордан $10 млрд дейінгі қаржыны экономиканы дамыту мақсатына жұмсауға рұқсат берілді. Оның $5 млрд — «Самұрық — Қазына» қорының капиталын арттыруға жұмсалады»,-деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда ауыртпалық активтерінің қоры құрылатын болады. Бұл туралы 21 шілдеде үкіметте өткен селекторлық кеңес барысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

«Қаржы министрлігіне, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне және Әділет министрлігіне Ұлттық банкпен және Қаржылық қадағалау ұйымымен бірлесе отырып 1 аптаның ішінде күйзеліс активтерінің қорын құру жөніндегі ұсынысты менің талқылауыма енгізуді тапсырамын», — деп тапсырма берді К. Мәсімов.

«Ауыртпалық активтерінің қоры ағымдағы жылы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішев 10 қазанда өткен брифингте мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар