Қазақстан банктеріндегі ақша тапшылығына байланысты дағдарыс өткен күннің еншісінде қалды - Жәмішев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан банктеріндегі ақша тапшылығына байланысты дағдарыс өткен күннің еншісінде қалды - Жәмішев

Қазақстан банктеріндегі ақша тапшылығына байланысты дағдарыс өткен күннің еншісінде қалды - Жәмішев

Астана. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан банктеріндегі ақша тапшылығына байланысты дағдарыс өткен күннің еншісінде қалды. Бұл туралы еліміздің қаржы министрі Болат Жәмішев бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Қазан 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі жағдаймен еліміздегі банкаралық нарықта банктердің бір-бірін несиелендіру ставкалары 2007 жылдың басындағы деңгейге қайта келді деуге болады. Бұл Қазақстан банктеріндегі ақша тапшылығына байланысты дағдарыс өткен күннің еншісінде қалды деген сөз», — деді Б.Жәмішев.

Оның айтуынша, «екінші деңгейлі банктер қазір Ұлттық банктегі депозиттерінде 300 млрд теңге ұстап отыр». «Бұл оларда ақша тапшылығы жоқ екенін білдіреді. Үкімет пен Ұлттық банк банк жүйесіндегі ақша тапшылығы проблемасын бірінші кезекте Ұлттық банктің ақша-қарыз саясатының құралдары арқылы шешті», -деді ол.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, дегенмен, «қазір инвесторлар қауымының белгілі дәрежедегі сенімсіздігі жалпы қалып отыр».

Бұған қоса, «банктердің активтеріне қатысты кейбір күдіктер де жоқ емес. Егер несиелер бойынша қамтамасыздық ретінде кепілдікке жылжымайтын мүлік қойылған болса, осындай активтердің сапасы нашарлай түсетіндіктен, ондай несиелер бойынша тәуекел бар», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар